Зайсан ауданында белгілі бүркітші дауыс беруге келді
Зайсан ауданында атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша референдум таң атпастан басталып кетті. Сайлау учаскелері таңғы жетіден аудан тұрғындарын қабылдап, жұмыстарын атқара бастады.
Сайлауға 60 жылдан астам бүркіт баптаған, жыл сайынғы бүркітшілер сайысының жүлдегері Біржан ауылының тұрғыны Ақынбек Төлепберген де өз таңдауын жасап, халыққа ақжарма тілегін білдіріп, батасын берді.