Қазақстанда су тұтыну көлеміне сараланған тариф енгізіледі
Елімізде 1 ақпаннан бастап ауыз суға сараланған тарифтер енгізілді. Бұл халықты тапшы ресурстарды үнемдеуге ынталандыру үшін жасалды. «Өскемен Су арнасы» мекемесі бұған дайын болған кезде саралауды енгізуге уәде беріп отыр, деп хабарлайды oskemenkz.kz тілшісі.
Экологтардың айтуынша, 2040 жылға қарай әрбір екінші қазақстандық үшін ауыз су тапшы болады. 2050 жылға қарай бұл тапшылық үш есеге артуы мүмкін. Тіршілік беретін ылғалдың жетіспеушілігіне тек құрғақ климат ғана емес, сонымен қатар каналдар мен су жүретін желілердің жағдайы да себеп. Аса тозғандықтан, судың шамамен жартысына жуығы сөздің тура мағынасында құмға сіңіп кетеді.
Бүгінгі таңда судың негізгі тұтынушылары ауыл шаруашылығы (63 пайыз) және өнеркәсіп (33 пайыз) болып табылады. Тұрғын үй тұтынушылары небәрі төрт пайызды құрайды. Алайда, үкімет тұрғындардың үнемдеуді үйренетін уақыты келді деп шешті.
— Қазір Қазақстанда тұрғындардың жан басына шаққандағы суды күнделікті тұтынуы 3499 литрді құрайды,-дейді Мәжілістің Қоғамдық палатасының эколог сарапшысы Айжан Сқақова. - Салыстыру үшін: Германияда 855 литр, ал Ұлыбританияда 348 литр ғана тұтынады. Мұндай ысырапты тоқтатудың негізгі және шешуші әдісі біреу ғана болуы мүмкін — суды тұтынуды тарифтік реттеу.
Қазақстанда 11 ақпаннан бастап тұтынуға байланысты тарифтерді саралау тетігі жұмыс істей бастады. Пайдаланатын су көлеміне қарай халық төрт кіші топқа бөлінеді.
Бір адамға айына үш текше метрден аспайтын суды тұтынатын тұлғалар қолданыстағы тариф бойынша төлейді. Айына бір адамға үш-бес текше метр пайдаланатын тұтынушылар 20 пайызға артық төлейді. Бес текшеден он текше метрге дейін су тұтыну ағымдағы тарифтің 50 пайызын құрайды. Бір адамға айына он текше метрден астам тұтынатындар екі еселенген тариф төлейді.
Өскеменде әзірге тарифтерді қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ. Бірақ кәсіпорын қазірдің өзінде суды тұтыну көлеміне байланысты сараланған төлемді енгізудің техникалық мәселелерін пысықтауда.
«Өскемен су арнасы» МКК-нің қолданыстағы тарифтерін 2022 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 30 маусымға дейінгі ұзақ мерзімді кезеңге кіші топтар бойынша саралаусыз уәкілетті орган бекітті, - деп түсіндірді кәсіпорын директоры Ержан Әубәкіров. . — Тұрғындар санатына жататын жеке тұлғалар үшін саралауды енгізу экономикалық және технологиялық дайындық болған жағдайда мүмкін. Қызметтерді тұтынушыларды ресурстарды үнемдеуге ынталандыру үшін 2019 жылғы Тарифтік қағидаларға өзгерістер енгізілді (247-тармақ). Тариф есепке алу аспаптарының бар немесе жоқтығына қарамастан төрт санатқа сараланады.