Еңбек марапаты
Өскемен ЖЭО қызметкері "Jas Kenes Siylygy" жастар сыйлығы жеңімпаздарының бірі болды
15 тамызда ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің бастамасымен "Jas Kenes Siylygy" тәуелсіз жастар сыйлығын тапсыру салтанаты өтті.
Өңдеу өнеркәсібі, тау-кен металлургия кешені, агроөнеркәсіп секторы, тамақ өнеркәсібі және энергетика секторының қызметкерлерін қамтитын "Өнеркәсіп" номинациясы бойынша жеңімпаздардың бірі "Өскемен ЖЭО" ЖШС қазандық цехының қазандық жабдығы бойынша аға машинисі Ернұр Тоқышев болды.
Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар арасында 14 жеңімпаз таңдалды - жеті номинацияның әрқайсысында екі адамнан марапатталды. Сыйлықтың жүлде қоры 14 миллион теңгені құрап, әр жеңімпаз миллион теңгеден иеленді.
"Jas Kenes Siylygy" сыйлығы өз саласының және жалпы елдің дамуына елеулі үлес қосатын жас мамандарды ынталандыруға арналған.
Ернұр Болатұлы өзінің кәсіби қызметін 2013 жылы - багерлік сорғы мотористі ретінде бастағанын айта кеткен абзал.