Студенттерді қабылдауға дайын
Жаңа оқу жылы қарсаңында ШҚО ішкі саясат басқармасы 12-15 тамыз аралығында облыс орталығында орналасқан жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің (ТжКБ) жатақханаларының 2024/2025 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізді.
Жұмыс тобының құрамына ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі, қалалық мәслихат депутаттары, Шығыс Қазақстан облысы бойынша студенттік омбудсмен, өңір аумағында жұмыс істейтін саяси партиялар жанындағы жастар қанаттарының төрағалары, жастар ресурстық орталығының өкілдері кірді.
Мониторинг жүргізілген жоғары оқу орындары мен колледждердің қатарында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (Менделеев көшесі, 7; 30-Гвардиялық дивизия көшесі, 38, 40, 42), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Серікбаев көшесі, 19а, 41; Менделеев көшесі, 3), Қазақстан-Американ еркін университеті (Шәкәрім даңғылы, 160), Өскемен құрылыс колледжі (Шәкәрім даңғылы, 79), Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі (Тихая көшесі, 13/4), Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі (Қ. Бітібаева көшесі, 3), Өскемен жоғары политехникалық колледжі (Серікбаев көшесі, 9), Өскемен жоғары медициналық колледжі (Серікбаев көшесі, 19/а) және студенттер үйі (Мызы көшесі, 16/2) бар.
- Біз студенттердің жатақханаларда тұру жағдайларын, жүргізілген жөндеу сапасын, бөлмелердің тазалығын, қалған үй-жайлардың санитарлық жағдайын, тарақандар мен басқа да жәндіктердің жоқтығын, өрт сөндіру құралдарының болуын тексердік, - деді облыстық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Шәкәрім Құдайбергенов. - Сонымен қатар, жұмыс тобы бөлмелерде қанша адам тұратындығына қызығушылық танытты. Айтпақшы, жатақханаларда бір оныннан алты орынға дейін дейін әр түрлі бөлмелер бар.
Оның айтуынша, жатақханаларда кір жуатын орындар бар, олардың көпшілігінде жаңа кір жуғыш машиналар, үтіктеу бөлмелері, душ кабиналары, асүйлер, демалыс бөлмелері бар. Сонымен қатар, мысалы, студенттер үйінде теледидары бар үлкен демалыс бөлмесі, құрылыс колледжінде – шағын тренажер залы, С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да – компьютерлік кабинет, фитнес-орталық, студенттердің барлық дерлік тұратын жерлерінде кітапханалар, интернет, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін - бейнебақылау камералары бар.
- Жалпы, Өскемендегі барлық жатақханалар жаңа оқу жылында студенттерді қабылдауға дайын, барлық жерде жайлы тұру және демалу жағдайлары жасалған, - деп атап өтті Шәкәрім Құдайбергенов.
Айтпақшы, жатақханалардың аулалары абаттандырылып, көгалдандырылған, ал ғимараттардың өзі көлік жүретін жерде, автобус және трамвай аялдамалары, дүкендер, соның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтіндері бар, кафелер мен клубтар бар көшелерде орналасқан.