08:00 14 ақпан 2025

ШҚО-да Құтқарушыларға жаңа техникалар табысталуда

Төтенше жағдайлар министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің басшылығы төтенше жағдайлар кезінде жедел ден қою және азаматтарды құтқару үшін облыстардың шалғай аудандарын материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңартып отырады.
ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов Зайсан ауданының өрт сөндіруші-құтқарушыларына  жаңа автокөліктердің кілттерін табыстады. Ауданға 2 жоғары өтімді өрт сөндіру автокөлігі, "Toyota Hilux" жедел автокөлігі, пилотсыз ұшу аппараты және заманауи авариялық-құтқару жабдықтары табысталынды.
"Қытай Халық Республикасымен шекаралас жатқан ауданның жер бедерін, мұнай - газ саласы объектілерінің болуын ескере отырып, қазіргі заманғы техникалар күрделі ауа-райында құтқару операцияларын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
Тарбағатай ауданының өрт сөндіруші-құтқарушыларына қар батпаққа өтімді "АГ-30"  техникасын алды. Төмен қысымды шиналардағы бірегей өтімді техника  құтқарушылар үшін сенімді көмекші болады және қиын табиғи кедергілерді еңсеруге, ең бастысы төтенше жағдайда азаматтарға көмекке келуге мүмкіндік береді.
Зайсан және Тарбағатай аудандарына іс-сапар барысында ШҚО ТЖД бастығы бөлімшелердің жеке құрамымен кездесу өткізіп, ҚР ТЖМ құтқарушылар үшін әлеуметтік жағдайларды жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын, атап айтқанда тұрғын ай сайынғы үй төлемдерін, басқа өңірге қызмет бабымен ауысқан кезде көтерме жәрдемақылар алу туралы егжей-тегжейлі жасалынып жатқан жоспарларды айтып берді. Сондай-ақ ТЖ режимінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгені үшін үстемеақы жалақы алу сұрағының қарастырылып жатқаны жеткізілді
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі