ШҚО әкімі: «Референдум-демократияның базисі»
Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша референдум ресми түрде басталды.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Өскемен қаласының №42 орта мектебінде орналасқан 9-шы референдум учаскесіне келіп дауыс берді.
– Негізі, референдумды демократияның базисі деп түсіну керек. Бұл – біздің ел үшін, ұлтымыз үшін маңызы зор оқиға. Жерлестеріміздің маңызды саяси науқаннан шет қалмай, дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдіруі біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдірсе керек, – деді облыс әкімі референдум учаскесінен шыққан бойда.
Айта кетейік, бұл күні референдум учаскесіне келушілерге барлық жағдай жасалды. Аймақтағы барлығы 538 учаскелік референдум комиссиясы аясында 3844 мүше жұмыс істеуде. Дауыс беру кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да тиісті жағдай қарастырылған.