16:36 12 желтоқсан 2024

Шығыс Қазақстандағы дауылды ескерту

"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 13 желтоқсанда түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Егер сіздің көлігіңіз  қыс мезгілінде жүру үшін жабдықталмаған болса, елді мекендерден тыс сапарға шықпағаныңыз жөн.
Жолға шығар алдында құтқарушылар жүргізушілерге мына заттарды жолға алуды ұсынады: сүйрейтін арқан, жанармай қоры, күрек, қол шам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім, азық-түлік, шамдар.
Автомобильшілер жылдамдық режимін сақтауы керек, жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы керек.
Желдің қатты екпінінен тез арада ғимаратқа тығылыңыз, желден үй қабырғаларында, аялдамаларда, жарнама тақтайшалардың жанында, ағаштардың астында тығылмаңыз.Үзілген сымдар мен тербелмелі маңдайшаларға жақындамаңыз. Автокөлікті шіріген, ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанында қалдырмаңыз. 
Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.