Шығыс әйелдері: "Біз нық сенімдеміз"
Өскеменде белсенді және іскер әйелдердің қатысуымен БҰҰ-әйелдер құрылымы әзірлеген "Саяси көшбасшылық. Кандидаттарға арналған тренингі" өтті.
"БҰҰ-әйелдер" құрылымы кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Дина Амришеваның айтуынша, әйелдердің саяси көшбасшылыққа және сайлауға қатысуға деген ұмтылысы барлық қолдауға лайық.
— Осы тақырыптар бойынша тренингтер өткізу идеясы бәрімізді қанаттандырып, жаңа жетістіктерге шабыттандырады, — деп атап өтті Дина Амришева.
Тренинг бағдарламасы тек дәрістер түрінде теориялық ақпарат беру арқылы ғана емес, сонымен қатар барлық тақырыптар бойынша пікірталастар, сауалнамалар, матрица-ұтылысты талдау, рөлдік ойындар негізінде құрылды.
"Uylesim" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ШҚО ҚХА АК төрағасының орынбасары, заңгер, әлеуметтік мәселелер бойынша сертификатталған сарапшы, сертификатталған саяси жаттықтырушы, ШҚО әйелдер істері және отбасылық — демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Жұлдыз Ақтанжанова сөз сөйлеу ассоциациясы тапсырмаларын қамтитын трансформациялық көшбасшылық, жеке мүмкіндіктер шегін кеңейту моделі бойынша сөз сөйледі.
— Әйелдердің саяси көшбасшылығы — бұл жоғары пилотаж, — деп атап өтті Жұлдыз Ақтанжанова.
"Сайлауға түсу шешімі" модулін ШҚО бойынша "Атамекен" ҚР ҰКП өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, "Өскемен әйелдері" қауымдастығы ЗТБ төрағасы, "ECOJER"қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы" ЗТБ ШҚ филиалының басшысы, ШҚО қоғамдық кеңесі жанындағы кәсіпкерлікті ілгерілету комитетінің басшысы, "Авангард инфо" ЖШС директоры, әрекеттегі тәлімгер, бизнес-жаттықтырушы, жобалық менеджмент жобаларының басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сертификатталған комплаенс-офицер Елена Березинская-Әбілова ұсынды.
Статистика бойынша 2022 жылы мемлекеттік органдарда әйелдер келесідей ұсынылған екен: ҚР Сенаты – 9, ҚР Мәжілісі – 28, ҚР Үкіметі –1 әйел – министр, облыс әкімдері –1. ҚР Мәжілісі депутаттарының үлесі (III-VIII шақырылым): III - 10 пайыз, IV – 17, V – 24, VI - 27, VII – 27, VIII – 18 пайыз. Аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттарда әйелдердің өкілдігі келесідей: олардың көпшілігі Павлодар облысында – 28, ШҚО – 29, Ұлытау – 34, ең азы Атырау облысында – 10, БҚО – 7, Қызылорда облысында-7.
Елена Березинская-Әбілова атап өткендей, әрекеттегі 50-ге жуық әйелдер бірлестігі көптеген жылдар бойы бір деңгейде болып келеді, өспейді, сондықтан тренинг өз нәтижелерін беретін жақсы өсу нүктесі болмақ.
Белсенді қызметпен айналысатын әйелдің сайлауға түсу туралы шешімінен бастап, көптеген түрлі міндеттерді шешуге дейін өтуі тиіс үлкен жол бар. Үміткерлер сайлауға қатысу үшін қажетті міндеттемелерді түсініп, өз мүмкіндіктерін бағалауы керек.
Ұсынылған сауалнамаларда үміткерлердің мақсаттары мен әлеуетін көрсететін сұрақтар қойылды: "Сіз өзіңізді не үшін ұсынасыз, қандай тәжірибеңіз бар? Сіздің күшті және әлсіз жақтарыңыз. Сіздің отбасыңыз сайлауға түсу туралы шешіміңізді қолдай ма?». Өз кезегінде, ұтыс-ұтылуды талдау, жеңіс немесе жеңіліс жағдайында не алатынын немесе нені жоғалтатынын анық көрсетеді.
Сонымен қатар, тренингке қатысушыларға сайлауға қатысу туралы түсініктерін зерттегеннен кейін кандидаттың бастапқы жолдауын жасау ұсынылды.
— Алдын ала идеяны құру туралы түсінік алу үшін сұрақтарға жауап беріңіз (бұл жерде дұрыс және бұрыс жауаптар жоқ), — деді Елена Березинская-Әбілова тренингке қатысушыларға. — "Сіз не үшін өзіңізді ұсынып отырсыз? Сіз: "Адамдар неге сізге дауыс беруі керек?" деген сұраққа қалай жауап бересіз? Осы лауазымда не істегіңіз келеді? Мысалы, сіз ең маңызды деп санайтын мәселелер қандай? Нені өзгерткіңіз келеді? Сіз қандай нақты жоспарларды қорғағыңыз келеді? Сіздің ойыңызша, сайлаушылар бұл мәселелерге алаңдай ма? Сайлаушылар көбірек назар аударатын басқа да проблемалық мәселелер бар ма?»
"Сайлау округі және саяси жағдай" тақырыбымен танысу өз сауалнама сұрақтарын ұсынды. Мысалы, округтің, ауданның сипаттамасы, сайлаушылардың тұрғылықты жері, тіпті олар қай үйлерде — көп пәтерлі немесе жер үйлерде тұратыны сұралды. Барлығы маңызды, депутаттың болашақ жұмысында ұсақ-түйектер жоқ.
Депутаттыққа кандидаттар сайлауға түсу және сайлау алдындағы күрес кезеңінде де болашақ депутаттыққа байланысты міндеттерді нақты білдіруге тиіс. Сонымен қатар, олар өздеріне сайлау заңнамасына, атап айтқанда оның жүйелеріне қатысты алдын-ала сұрақтар қоюы керек: мажоритарлы, партиялық тізімдер бойынша пропорционалды және т.б. жеңу үшін болашақ депутаттар кандидаттарға қойылатын заңнамалық талаптарды білуі керек.
Тренинг барысында белсенділер партиялық квоталар туралы, партиялық қолдаудың қаншалықты маңызды екендігі, партия мүшесі болу міндетті ме, партияларда гендерлік теңдік және партиялар ішіндегі әйелдер қозғалыстары бар ма деген сұрақтардың жауабын алды. Сонымен қатар, спикер, ең алдымен, өз сайлаушыларының білімін көрсете отырып, өз сайлаушыларына жолдауды қалай жасау керектігін таныстырды.
— Сіз өз сайлаушыларыңызды, сіздің құндылықтарыңыз бен сайлаушыларыңыздың құндылықтары қай жерде сәйкес келетінін, оларға не қажет екенін және не ұсына алатыныңызды білуіңіз керек, — деп кеңес берді бизнес-жаттықтырушы. — 7"С" принципін қолданған кезде хабарлама: анық (Clear), қысқа (Concise), шынайы (Credible), сенімді (Compelling), байланысты (Connected), дәйекті (Consistent), креативті (Creative) болуы мүмкін. Сайлауалды сөзінде аудиториямен байланыс орнатып, проблемалық мәселелер бойынша өз ұстанымын және шешімдерін баяндау қажет. Егер бұл мәселе шешілсе, сайлаушыларға қоғамның қандай болатынын көрсетіңіз. Көпшілік алдында сөйлегенде сөздерге, дауысқа, көзге назар аударыңыз. Көпшілік алдында сөйлеу — бұл әңгімелесу. Өзіңізге сенімді болу керексіз.
Сондай-ақ, спикер жеңіске жету үшін жиналатын дауыстар санынан тұратын ұтыс санын есептеуге назар аударды. Мысалы, сайлау округінде 5000 адам тұрады. Дауыс беру үшін 4000 адам тіркелді, 3500 адам дауыс береді деп күтілуде. Жеңіске жету үшін 50 пайыз дауыс қажет. 3500 ÷ 2 = 1750. Барлығы 1751 дауыс жинау керек.
Сонымен қатар, оның айтуынша, сайлау науқандары шектеулі уақыт ішінде өтіп жатқандықтан, үміткерлер күш-жігерін әлеуетті сайлаушылардың мақсатты тобына бағыттауы керек.
Сайлаушылармен байланыс нұсқалары қатарына іс-шаралар, кездесулер, телефон қоңыраулары, БАҚ-пен жұмыс, пошта, интернет, веб-сайттар, мобильді қосымшалар мақсатында адамдар арасында пәтерлерді аралау немесе серуендеу жатады.
Қаражат жинау мен қаржылық жоспарлауға келетін болсақ, сайлау науқанының бюджетін қарастырып, әлеуетті донорларды анықтау қажет. Сайлау науқанының ең үлкен екі көзі көбінесе сыртқы жеке донорлар және кандидаттың жеке қаражаты болып табылады. Кездесулер, қоңыраулар, онлайн, қаржы комитеті, іс-шаралар қаражат жинау құралы бола алады, бірақ олардың әрқайсысына қатысты "дұрыс" және "бұрыс" тұстары бар.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсынған әрбір саяси партияның сайлау қорының мөлшері 15 000 ЕТЖ (1 миллиард 50 миллион теңге), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының депутаттығына – 3000 ЕТЖ (210 миллион теңге) аспауға тиіс.
Тренинг барысында "қаражат сұрау" рөлдік ойыны өткізілді, сондай-ақ қатысушыларға донорлардың тізімін және қаражат тарту жоспарын жасау ұсынылды.
— Науқан — бұл белгілі бір мақсаттарға жету үшін жоспарланған іс-қимылдардың жүйелі бағыты, — деп атап өтті Елена Березинская-Әбілова. — Науқан стратегиясы үйлестіруді жақсартады, қайталануды азайтады және саяси кандидаттың иелігіндегі ресурстарды барынша арттырады. Сайлау науқанының төрт кезеңі ерекшеленеді: зерттеу және дайындық; қаражат тарту және сайлаушылармен байланыс орнату; БАҚ және жұмылдыру; алынған сабақтар және келесі жарысқа дайындық.
Науқан бойынша барлық жұмысты орындау үшін, деп атап өтті спикер, кандидат адамдарды жалдауы керек. Ақылы немесе ақысыз бұл қызметкерлер үміткерге жақын адамдардан да, қаражат жинау, ұйымдастыру немесе БАҚ-пен жұмыс істеу сияқты белгілі бір дағдылары бар адамдардан да тұруы керек. Әр компанияда үш маңызды рөлді орындау маңызды: қазынашы, қаражат жинаушы және науқан менеджері.
Коммуникацияларды дамыту міндетін орындай отырып, саясаттағы белсенділер әлеуметтік желілерде де белсенді болуы керек, бұл уақыт талабы.
Елдің шығыс аймағындағы іскер әйелдердің саяси және қоғамдық ресурстары мен белгілі бір әлеуеті бар, демек, әйел көшбасшылардың "Біз адамдардың өмірін және олардың лайықты өмір сүру мүмкіндігін қорғауға бел будық!" деген бастамасы мен ұраны өмірде өз бейнесін таба алады.