Самар аймағындағы байланыс пен интернет сапасы жақсарады
"Цифрландыру басқармасы" ММ және байланыс операторлары — "Қазақтелеком" АҚ, "Кар-Тел" ЖШС, "Мобайл Телеком Сервис" ЖШС өкілдерімен бірлесіп Самар ауданында көшпелі мониторинг жүргізді.
Аудан әкімдігінде әкім С.Ж. Жеңісовтың қатысуымен кеңес өтіп, онда аудан аумағында, соның ішінде туристік жағалауда, байланыс пен интернет сапасын жақсартуды қоса алғанда, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жоспарлары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша шешім қабылданды:
- Мыс желілері талшыққа ауыстырылады - бекітілген интернет жылдам және сенімді болады;
-Жағалау аймағында мобильді байланыс үшін антенна-діңгек құрылысын салу тетігі әзірленді.
- Самар ауылында мобильді интернеттің сапасын жақсарту мақсатында қайталағыш құрылғыларға кедергі келтіретін жабдықтарды бөлшектеу мәселесі жергілікті халықпен талқыланатын болды.
- Шалғайдағы елді мекендерде интернет қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ықтимал техникалық шешімдер қарастырылды.
Инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда!