17:58 05 ақпан 2025

Өскеменде ант беру кезінде сарбаз үйлену туралы ұсыныс жасады

Мерзімді әскери қызметші әскери ант қабылдағаннан кейін бірден қызына үйлену туралы ұсыныс жасады.

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 6699 әскери бөлімін жас сарбаздары әскери ант қабылдады. Әскери бөлімнің қатарына еліміздің барлық өңірлерінен борышын –өтеуге  келген 200-ге жуық жас сарбаз қосылды. Салтанатты бөлімнен кейін Алматыдан шақырылған қатардағы жауынгер Әлихан Балпық өзінің қызына сөз салып,  тұрмысқа шығуын өтінді.  Қыз мұндай нәрсені күтпеген екен, бірақ жиналған қауым  ду қол шапалақтап, үлкен қолдау білдірді.

— Мен өте қуаныштымын. Себебі Аяулым "Иә" деп жауап берді. Ол мені келесі қыста күтеді. Мен жолдастарыма кеңестері мен қолдаулары үшін алғыс айтамын, - дейді қатардағы жауынгер.

Ұлттық ұлан қатарына 2024 жылдың желтоқсанында Абай, Алматы, Павлодар облыстарынан келген сарбаздар қызметін бастар алдында жас жауынгер курсынан өтті. Еліміздің әр өңірінен келген жас жігіттер Өскеменде қылмыстық-түзеу мекемелерін күзету бойынша жауынгерлік қызмет атқаратын болады.