Өскеменде алғаш рет «VIPusknik.kz - 2025» республикалық білім көрмесі өтеді
2025 жылдың 17-18 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында облыста алғаш рет «Vipusknik.kz - 2025» республикалық білім көрмесі өтеді, оған Астана, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Өскемен, Семей қалаларының білім беру мекемелері қатысады.
Көрменің ұйымдастырушысы талапкерлерге арналған Vipusknik.kz мамандандырылған республикалық интернет-порталы, ол қазақстандық порталдардың ТОП 100 рейтингіне енген. 2024 жылы Vipusknik.kz порталы 5 миллион қаралымға жетті.
Көрме Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен білім басқармасының қолдауымен өтеді. Білім көрмесіне мақсатты аудиториямен қамтамассыз ету үшін бекітілген арнайы кесте бойынша Өскемен қаласындағы барлық мектептердің 9, 10, 11 сынып оқушыларының қатысуы ұйымдастырылады.
Көрмеге қаладағы 49 мектептен жиналған 8 мыңға жуық оқушы қатысады деп күтілуде. Бітіруші мектеп түлектерін жан-жақты қамту үшін көрмеге облыстағы 189 аудан мектептерінің оқушылары арасында zoom конференциясы арқылы қосылу да жоспарлануда, бұл 10 500-ден астам оқушынының қатысуын қамтамассыз етеді.
Мақсаттар мен міндеттер:
1. Бұл мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастың жаңа форматтарын дамытуға мүдделі жетекші университеттер ұсынылған оқу орындары үшін бірегей алаң.
2. Көрмеге қатысу білім беру ұйымдарына Шығыс Қазақстан облысының талапкерлерімен кәсіптік бағдар жұмысын күшейтуге, оларға білім беру бағдарламалары мен заманауи білім берудің бірегей мүмкіндіктері туралы айтып беруге мүмкіндік береді.