21:10 11 маусым 2024

Өскемен маңында балық аулауға арналған ұйымдастырылған орындар қай жерлерде бар және ол туралы не білу керек

Бұл жарияланым барлық қармақ әуесқойларына арналған. Әсіресе, балық аулаумен кәсіби түрде айналыспаса да, сәті түскенде бас тартпайтындар үшін.   Жаздыгүні жұрттың көбі демалыс күндерін судың жағасындағы мамыражай күйде өткізуді армандайтыны жасырын емес. Көбінесе қала тұрғындары балық аулау үшін арнайы ұйымдастырылған орындарды іздей бастайды. Ондай арнаулы орындарда жем де  табасың,  ұстаған балығыңды да шығарып береді, кейде тіпті бірден пісіріп беруі мүмкін.   Біз Өскеменде және оның маңайында қай жерлерде  қармақ   лақтыруға болатынын, сондай-ақ ол жерлерге жолдаманықалай  алу қажет екенін білейік деп шештік.

Айта кетейік, бұл жолы  біз Риддер, Алтай, Катонқарағай, Самар маңына сапарға шығуды ұсынбаймыз. Бұл бағыттардың барлығы бірнеше сағатқа созылатын жолды қамтиды және көбінесе түнеу қажет болады. Бүгін біз бір жарым сағат ішінде көлігіңізбен дұрыс жерге жетіп, кешке қалаға оралуға болатын бір күндік сапарлардың нұсқаларын ғана ұсынамыз. Сонымен, кеттік...

 "Шығыс Универсал" ЖШС (форель фермасы)

Орналасқан жері: Өскеменнен Самар трассасы бойынша шамамен 25 шақырым, Самсоновкадан кейін солға бұрылғанда  Ново-Троицкое ауылы болса, әрі қарай оңға, содан кейін солға бұрылып, теміржол өткеліне  (жолда форель фермасына жеткізетін жол көрсеткіш белгілер  бар).

 Шарттары: форельмен балық аулау күн сайын сағат 8.00 - ден 18.00-ге дейін, сейсенбі күні демалыс. Қармақ жалдау сағатына 1000 теңге, жем тегін беріледі. Ұсталған форель килограмына 4000 теңге есебінен төленеді.

 Ферма алаңына кіру және автотұрақ тегін.

 Ферманың жанында — Ертіс шығанағы, ол  жерде жыл сайын пеляд, алабұға, қырық балық жиналады. Дәл осы форель фермасында осы жабайы балықтарды  аулауға да жолдама беріледі. Үш күнге берілетін жолдама 1500 теңге, үш айға — 15000 теңге тұрады. Жеке куәлігіңіз жаныңызда болуы керек.

Қосымша:

беседкаларды жалға алу (демалыс күндері күніне 5000 теңгеден бастап);

қайықтарды, катамарандарды және серуенге арналған катерлерді  жалға алу.

Байланыс нөмірі: 8-705-752-52-25.

Instagram: @foreluka.

Дополнительно:

Контакты: 8-705-752-52-25.

Инстаграм: @foreluka.

"Ost Fish" демалыс және балық аулау аймағы

Орналасқан жері: Саратовка ауылына жетпей, Өскемен-Семей тас жолымен қаладан 20 шақырым жүрген жерде.

Шарттары: мұнда бекіре, форель, тұқы   балықтарын аулау ұйымдастырылған: 1000 теңге — күні бойы өз қармағымен балық аулау бағасы (бағасы бір қармақ есебінен көрсетілген, егер екі қармағыңыз  болса — тиісінше 2000 теңге төлеу қажет болады). 

Қармақ жалдау - сағатына 1000 теңге. Балықты тоғанға жіберуге немесе аулауға төлеуге және өзіңізбен алып кетуге болады (тұқы — килограмына 2000 теңге, бекіре - килограммына 5000 теңге, форель - килограммына 3500 теңге (форель — өте нәзік балық, оны қайтадан тоғанға жіберуге болмайды!).

Қосымша:

кәуаптар, ыдыс-аяқпен, шәйнекпен және барлық қажетті ас үй жиһаздарымен жабдықталған жабық беседкаларды жалға алу (күніне 20 000 – 25 000 теңге);

кәуап, 6-7 адамға арналған ашық беседкаларды жалға алу (күніне 10 000 теңге);

балалар ойын алаңы; 

мейрамхана кеңістігін жалға алу.

Кешенге кіру және автотұрақ тегін. 

Жұмыс күндері жеңілдіктер қарастырылған.

Байланыс: 8-705-950-33-33, 8-777-331-17-41.

Instagram: @ostfish_kz.

 "Изумрудный" Шипажайы

Орналасқан жері: Таулы Үлбі ауданы, Өскеменнен 30 шақырым жерде.

Маусым айында жұма, сенбі немесе жексенбіде келуге болады. Шілде айында күнделікті жұмыс істейді деп күтілуде. База аумағына кіру ақылы — автокөліктен 1000 теңге.

Шарттары: форель   аулау: төлем ауланған балықтың салмағы бойынша есептеледі — килограмына 4800 теңге. Қармақ пен қажет нәрсенің бәрін үйден алып келуге болады немесе жалға алуға болады (қосымша жем — 600 теңге, қармақ жалдау — 1000 теңге).

Қосымша:

Балықты тазалау және көкталға салып, қақтау - 1000 теңге;

серуендеу, балалар алаңы, кәуаптар, ашық беседкаларды жалға алу (сағатына 3000 теңгеден бастап).

Байланыс нөмірі: 8-777-40-15-350.

Instagram: @izumrudniy_vko.

"Алтай Альпісі" демалыс орталығы 

Орналасқан жері: Таулы Үлбі ауданы, Өскемен қаласынан 38 шақырымда.

Мұнда жұма, сенбі немесе жексенбі және мереке күндері таңғы 10-нан бастап келуге болады. Тұрақ құны: жеңіл автокөлік үшін 1000 теңге. Орналасқан жері: Таулы Үлбі ауданы, Өскемен қаласынан 38 шақырым.

Шарттары: форель балығын аулау: төлем ауланған балықтың салмағы бойынша есептеледі — килограмына 4800 теңге. Қармақ жалдау - 2000 теңге, балық үшін жем — 600 теңге, көл жағасындағы үстелді жалға алу — екі сағатқа 3500 теңге (үстел екі сағаттан аз уақытқа берілмейді).

Қосымша:

балықты қуыру – бір данасы үшін 1000 теңге;

көл жағасында беседкаларды жалға алу (40 адамға дейін) — күніне 29 000 теңге (10.00-ден 18.00-ге дейін);

атпен серуендеу -1 5 минуты 2500 теңге, 30 минуты 3500 теңге, сағатына 6000 теңге. Әр түрлі қашықтықтағы төрт бағыт жасалған.

Байланыс нөмірі: 8-777-40-15-360, 8-777-40-15-340 (сату бөлімі).

 Инстаграм: @altay_alps.

 "Гранд Фиш" ЖШС

Орналасқан жері: Өскемен - Алтай тас жолы, Ермаковка ауылы.

Шарттары: "Гранд Фиш" ЖШС Өскемен су қоймасының екінші учаскесі (Ермаковка ауылынан Огневка ауылына дейін) спорттық-әуесқойлық балық аулауға жолдама береді. Бір реттік немесе айлық жолдаманың құны: бір адамға 1000 теңге. Жолдаманы ресімдеу үшін алдымен құжаттарды WhatsApp-қа 8-705-305-70-61 нөмірі бойынша жіберу қажет.

Жұмыс кестесі: күн сайын, демалыс жоқ.

Бұл жерде табан балық, торта, алабұға аулауға болады (форель жоқ!).

Жаныңызда жеке куәлігіңіз және WhatsApp-қа келетін электрондық жолдамаңыз болуы керек.

Қосымша: қармақ, қосымша жем, жем жалға берілмейді, яғни балықшыларға қажет нәрсенің бәрін өзіңмен бірге алып келу керек. Сондай-ақ, алаңда демалуға арналған беседкалар мен үйлер жоқ.

Байланыс нөмірі: 8-705-305-70-61 (жолдама сатып алу бойынша), 8-705-497-00-07 (жедел ақпарат алу және сұрақтар бойынша).  

Инстаграм: @grandfish.kz.

Сұрақ-жауап 

Ал енді  балық шаруашылығының Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Фархат Байбазаровтың қармақ сүйетіндердің жиі қойылатын  сұрақтарына берген  жауаптарына назар аударайық.

Балықтың уылдырық шашуы аяқталды ма және енді  балық аулауға бола ма? 

 — Уылдырық шашу кезеңі сол жердің ерекшелігіне  байланысты. Мәселен, Зайсан көлінде және Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде Қарақастан бірінші Батин төбесіне дейін балық аулауға тыйым салу 16 сәуірден 30 мамырға дейін енгізілді. Бұқтырма су қоймасының терең су бөлігінде бірінші Батин төбесінің басынан бастап Бұқтырма ГЭС-ке дейін уылдырық шашу 10 мамырдан 10 маусымға дейін жалғасады. Осы мерзімдер Өскемен су қоймасында, Ертіс өзенінде ГЭС Өскемен су қоймасынан Шүлбі су қоймасына дейін белгіленген.

Қайда және қалай еркін балық аулауға болады - тегін, жолдама  мен рұқсатсыз?

- Әуесқой балықшылар резервтік қордың бос аумақтарында бес келіге дейін балықты тегін аулауға құқылы. Бүгінгі таңда Ертіс өзені, Бұқтырма су қоймасының № 18 және № 19 учаскелері резервтік болып табылады. Сонымен қатар, рекреациялық балық аулау аймақтары бар, онда кез-келген рұқсатсыз әуесқойлық (спорттық) балық аулауды бір балықшыға бес келіге дейін аулауға   болады. Мұндай әуесқой балық аулауға Зайсан көлінде, сондай-ақ Сібе және басқа да жергілікті маңызы бар резервтік көлдерде рұқсат етіледі.

Балық аулауға жолдама қандай жағдайларда және қалай жасалуы керек?

 — Егер балық аулау балық шаруашылығы су айдындарында немесе белгілі бір пайдаланушыға бекітілген учаскелерде жүргізілсе, жолдама қажет. Мұндай жерлерде балық аулауға тек жолдама негізінде рұқсат етіледі. Учаскелерді пайдаланушылардың байланыстары, яғни жолдамалар берілетін орындардың байланыстары біздің инспекциядан табылуы мүмкін (барлық ақпарат стендте орналастырылған). Сондай-ақ, мен балықшыларға Poymay.kz қосымшасын жүктеуді ұсынамын— ол арқылы жолдаманы электронды түрде рәсімдеуге болады. 

Балықшылар балық аулайтын жерге  келгенде   жеке басын куәландыратын құжаты жанында  болуы керек.

 Қандай жағдайларда жолдама  рәсімдеу қажет?

 — Егер балықшы белгілі бір пайдаланушыға бекітілген су қоймасының учаскесіне барғысы келсе немесе бес килограмнан астам балық аулауды көздесе — жолдама қажет. Біздің инспекция қазір жолдама берумен айналыспайды, ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жүгіну қажет. Пайдаланушыдан жолдаманы Poymay.kz қосымшасы арқылы алуға болады немесе орнында (су қоймасының жанында немесе жақын орналасқан ауылда).

 Марқакөл көлінде балық аулауға бола ма?

 — Бұл көлде спорттық және әуесқой балық аулауға тек жергілікті тұрғындардың қажеттіліктері үшін рұқсат етіледі, олар жолдама алу үшін жеке басын куәландыратын құжатын ұсынуы керек. Сырттан келген азаматтар үшін Марқакөлде балық аулауға тыйым салынады. 

Қандай балық аулау құралдарына рұқсат етіледі?

 Спорттық-әуесқойлық балық аулау бір балықшыға бес данадан аспайтын күршектері бар барлық атаудағы қармақтармен (жылтырауық қармақ, қармақ, жерлица, лақтырма қармақпен), бір балықшыға үш данадан аспайтын су астындағы аң аулауға арналған мылтықпен, дорбамен, жылтыр қармақпен, ілмекпек және шаян ұстағыштармен жүзеге асырылады.

 Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жеке тұлғалар балықшының жеке куәлігі және жолдамасы (белгілі бір пайдаланушыға бекітілген су айдындары үшін) болған кезде жүзеге асырады. Жолдама күнтізбелік жеті күнге дейінгі мерзімге беріледі.

 Шығыс Қазақстанда қандай балық аулауға толықтай тыйым салынады?

- Бекіре, күмжі, сылан сияқты жойылып кету қаупі төнген балық түрлерін аулауға болмайды.

Балықшылар өз сұрақтарын қоя алатын және жолдама алу бойынша кеңес алатын анықтама телефондары бар ма?

— Балық шаруашылығы бөлімінің телефондары-24-20-54, 41-52-22. Біз күн сайын жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен жұмыс істейміз.