13:19 15 қыркүйек 2024

Өскемен қаласында жаңа аллея ашылды

Өскемен қаласының «Нұрлы жол» ықшам ауданында жаңа аллея ашылды. Тұрғындардың назарына мерекелік бағдарлама, аниматорлар қойылымы мен жүлделер ұтысы өткізілді.

Сондай-ақ, «Таза Қазақстан» шеңберінде аудан тұрғындары арасында байқау ұйымдастырылып, «Ең жасыл аула», «Ең жақсы кіреберіс», «Ең қауіпсіз үй», «Ең тату үй» номинацияларында жеңімпаздар анықталды.

- Біз «Нұрлы жол» ықшам ауданында жаңа аллеяның ашылуына байланысты мерекелік бағдарлама ұйымдастырдық. Енді бұл жерді таза ұстау маңызды. «Таза Қазақстан» - уақытша акция емес, экологиялық әдепке жол болып табылады. Сондықтан азаматтардың өз қаласына, аулаларына деген сүйіспеншіліктерін ояту маңызды. Аллеяны ашу салтанатында біз аудан тұрғындары арасында байқау өткізіп, тазалық пен тәртіпті сақтауға қосқан үлестері үшін марапаттадық, - деп атап өтті ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев.