Күршім ауданы сайлау учаскелері таңғы 7:00-ден жұмыс істеп бастады
Таңғы сағат 7.00-ден Күршім ауданы Алғабас ауылындағы №724 сайлау учаскесінде референдумға дауыс беруге ауыл тұрғындары келе бастады.
Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша референдумға арналған сайлау учаскелерінде әнұран шырқалып салтанатты түрде ашық деп жарияланды.
Сайлауға егде жастағылар белсенділік танытып, жастарға үлгі көрсетті. Референдумда әр азаматтың дауысы маңызды екенін алғабастықтар үлкен жауапкершілікпен сезініп, қолдап дауыс берді.
Алғабас ауылының ең қүрметті азаматы 1938 жылғы тумасы Жексембаев Рахмет ата ертемен кеп өз таңдауын жасады.