13:44 14 ақпан 2025

Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасы

2025 жылғы 8-15 ақпанда Өскемен қаласында 4 жылда 1 рет өткізілетін Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасы шеңберінде ерлер командалары арасында шайбалы хоккейден жарыс өтті. Жарысқа Астана, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары қатысты. Жеңісті Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жеңіп алды. Ерлер арасындағы шайбалы хоккей еліміздің 6-шы қысқы спартакиадасын ашты. Алда Қазақстан Республикасының Спартакиадасы шеңберінде 10 спорт түріне облыс құрама командасының қатысуы тұр.