Белоусовке кентінде «Таза бейсенбі»
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өңірлерде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.
Осыған байланысты Глубокое ауданы аумақты көгалдандыру, абаттандыру және жинау жұмыстарын белсенді жүргізуде.
Сенбілік — тазалық, тәртіп пен жайлылық іс-шарасы. Акция аясында барлық ауылдық округтерде жазғы кезеңде көшелерді, жол жиектерін, қоғамдық орындардағы қоқыстарды жинау, абаттандыру жұмыстары және басқа да санитарлық шаралар жүргізілді.
29 тамызда Белоусовка кентінде «Таза бейсенбі» акциясы өтті.
Акцияны «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Глубокое ауданының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Оған еріктілер, жастар, түрлі ұйымдардың қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, депутаттар мен тұрғындар қатысты.
Акцияға қатысушылар кенттегі көлдің айналасын тазартты.
Акция басталғаннан бері қатысушылар полигонға 2,5 тонна қоқыс жинап шығарды. Сенбілікке 100 жұық адам тартылды.
Акция халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға аудару мақсатында өткізілді.
Глубокое ауданы — біздің ортақ үйіміз және осында қаншалықты жайлы өмір сүру өзімізге байланысты. Барлық тұрғындарды өз үйінде тазалық пен тәртіп орнатуға және сол арқылы ортақ іске өз үлестерін қосуға шақырамыз.
Акция жалғасады.