Алдағы оқу жылына байланысты балалардың қауіпсіздігі туралы өзекті мәселелер
Өскемендегі № 1 емхананың бөлімшесінің меңгерушісі, ЖПД-2, сарапшы дәрігер Әсия Қуанышева алдын ала ойластыру мен сақтық туралы ата-аналардың есіне салды.
"Демалыс уақыты аяқталуға жақын. Мектеп таяп қалды. Сәті түскен сайын балаларыңызға қауіпсіздік ережелерін айтып отырыңыз, - деп кеңес береді Әсия Қанатқызы. - Балаларыңызбен мұндай әңгімелер айту үшін уақытты аямаңыз. Балаңызға жолда сақ болуды, жол қозғалысының негізгі белгілері бойынша бағдарлауды және жарақат алу қаупі бар жерлерде қауіпсіз жүру ережелерін үйретіңіз, сондай-ақ оған жеке қауіпсіздік ережелері туралы айтыңыз. Балаларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңіз. Балалар ересектердің бақылауынсыз дәрі-дәрмектерді қабылдауға болмайтынын, бұрын игерілмеген электр құрылғыларын қолдануға болмайтынын білуі керек".
Сонымен қатар, дәрігер ағымдағы жылдың жеті айында ШҚО-да балалардың терезеден құлауының 14 жағдайы тіркелгенін айтты. Ата-аналар осы бағыттағы қауіпсіздік шаралары туралы байыпты ойлануы керек.
"Бірнеше ережені сақтау маңызды, - деп түсіндіреді Әсия Қуанышева. - Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз, оларды қонақта және қоғамдық орындарда қадағалаңыз. Терезеде ойыншықтар қалдырмаңыз - олар баланың назарын аударуы мүмкін. Терезелердің жанынан орындықтарды, жиһаздарды және биік заттарды алып тастаңыз. Терезелерге құлыптар мен шектеулер қойыңыз, баланың балконға кіруіне жол бермеңіз. Ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз, москит торы баланың салмағын көтере алмайды!»