13:50 14 ақпан 2025

Біздің жеңіс

Бүгін 2025 жылғы 14 ақпанда IX Қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея командасын 3-0 есебімен жеңіп күміс медальға қол жеткізді. Қазақстан құрамасында Шығыс Қазақстан шайбалы хоккей мектебінің 11 тәрбиеленушісі Александра Воронова, Екатерина Куценко, София Зубкова, Полина Яковлева, Полина Говтва, Катрин Мескини, Мунира Саяхатқызы, Дильназ Саяхатқызы, Златоцвета Теоктистова, Анна Пяткова, Арина Щеколова өнер көрсетті. Спортшылардың бірінші жаттықтырушысы Федоренко Мария Михайловна.